Павлодар облысының қаржы басқармасына жаңа бастық тағайындалды

ПАВЛОДАР. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен облыстық қаржы басқармасының бастығы болып Бәкір Демеуов тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Б. Демеуов 1959 жылы Баянауыл ауданында туған. Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономист біліктілігіне және экономикалық ғылымдардың кандидаты ғылыми атағына ие. Еңбек жолын 1980 жылы Баяунауыл аудандық қаржы бөлімінде ауыл шаруашылығы бойынша аға экономист қызметінен бастаған. 1982-2002 жылдары республиканың қаржылық органдарында түрлі қызметтер атқарған. 2002-2003 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары болса, 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап 2009 жылдың сәуір айына дейін Павлодар қаласының әкімі болды.
Соңғы жаңалықтар