Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан Журналистер клубы құрылды

«Облыстық Достық үйінде өткен ұйымдастыру жиналысында клуб төрағасы сайланды: төраға -«Сарыарқа самалы» газетінің редакторы Мұхит Омаров. Бұл туралы Ассамблеяның үйлестірушісі Юлия Стрельчук хабарлады.
Клубтың құрамына жергілікті телерадокомпаниялардың, радио мен газеттердің өкілдері кірді. Олар - этносаралық қатынастар тақырыптарын зерттейтін, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктер жүргізіп жатқан жұмыстар жайлы қоғамды хабардар етіп отыратын тілшілер.
Клуб бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдеріне ашық. Оның жұмыс жоспары жаңа бірлестік активінің ұсыныстары бойынша әзірленеді. Журналистерден ұлтаралық және конфессияаралық мәселелермен айналысатын сарапшылармен кездесу және тілшілер үшін оқу семинар-тренингтерін өткізу туралы алғашқы ұсыныстар түсті.