Павлодар облысының кедендік бекетінде 32 келі апиын тәркіленді

ПАВЛОДАР.   Қазанның  30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодар облысындағы  «Өрлітөбе»  бекетінің кеденшілері    Омбыға бара жатқан Қырғызстанның 45 жастағы  азаматының көлігінен   32 келі  апиын   тапты.
None
None

Артқы орындықтың астындағы жасырын    орынға   33 пакет    жасырылған  болып шықты,     сараптама   ондағы   заттың  апиын  екенін  анықтап  отыр,  деп   хабарлады   бұқаралық ақпарат құралдарына  Кедендік  бақылау  департаментінің       өкілі Анар Қалиева.  Есірткі  иісшіл    иттің көмегімен     табылды.   Тасымалдаушы  абақтыға     жабылып,     тергеу амалдары  жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар