10:04, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Павлодар облысының ҚХА-сында «Түркі халықтарының жазбасы күні» аталып өтілді
ПАВЛОДАР. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде 22 сәуір күні «Түркі халықтарының жазбасы күні» аталып өтілді,
деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасы.
Этномәдени бірлестіктер аймақта тұрып жатқан түркітілдес диаспоралардың кітаптары мен қолөнер туындыларының көрмесін ұйымдастырды.
Фестивальға қатысушылар ел тарихындағы түркі жазбасының рөлі мен оның әлемдегі орнын талқыға салды. Түркі халықтарының мәдениетін дамытуға қатысты өз пікірлерін ғалымдар, білім мен мәдениет қызметкерлері, ЭМБ көшбасшылары білдірді.
Фестивальді ұйымдастыруға белсенді атсалысқан этномәдени орталықтар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.