07:30, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Павлодар облысының он бір оқушысы «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» атағы үшін күреседі
ПАВЛОДАР. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы мектеп оқушыларының арасында «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» телевизиялық интеллектуалдық ойындар («Хабар»телеарнасы) қатысушыларын іріктеу аяқталды,

деп хабарлады облыстық білім басқармасы.
Іріктеу турына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Железин, Қашыр, Лебяжі аудандарs мектептері 10-11 сыныптарының 138 оқушысы қаысты.
Павлодар командасында ең көп балл жинаған 11 адам бар. Олардың қатысуымен алғашқы телевизиялық ойын 24 қыркүйекте өтеді.