Павлодар облысының орманшылықтарында болған өрттер Шығыс Қазақстанның ормандарына жайылды
Өрт қыркүйектің 8-і күні кешқұрым, Бесқарағай ауданы, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мекемесінің Жаңа-Семей филиалына қарасты Бегенев орманшылығының Павлодар облысына таяу далалы алқабында болды. Жалынның шарпыған аумағы 400 га құрады. Салдарынан Жандос ауылынан Беген ауылына 64 адам, сондай-ақ осы ауылға Павлодар облысының Жабағалы ауылынан 174 адам көшірілді.
Төтенше жағдайды жоюға ШҚО бойынша ТЖД-ның жеке құрамдағы 82 адамы мен 21 техникасы, жергілікті 83 тұрғын мен олардың 23 техникасы жұмылдырылды.
Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, кеше Павлодар облысындағы «Ертіс -орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ-ге қарасты үш орманшылықта ірі өрттер болып, оның салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. 200 адам қауіпсіз жерге көшірілд. Өрт сондай-ақ, Ресей Федерациясының аумағына жайылды.