07:59, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Павлодар облысының полицейлері өткен үш айда 85 келіден астам есірткі тәркіледі
ПАВЛОДАР. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының полицейлері өткен үш айда заңсыз айналымнан 85 келіден астам есірткі тәркіледі,
деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Есірткі заттарымен байланысты 64 қылмыс анықталды, оның 46-сы- есірткі сатумен байланысты фактілер.
Есірткімен байланысты құқықбұзушылықтар үшін 70 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Полицейлер есірткіге тәуелді адамдардың арасында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізіп отыр. Атап айтқанда, учаскелік инспекторлар 538 маскүнем мен 112 нашақорды профилактикалық есепке алды. Аумақтық соттардың шешімімен 143 ішімдікке салынған және 3 нашақор арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге жіберіліп отыр.