Павлодар облысының прокуроры студенттермен кездесті

ПАВЛОДАР. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының прокуроры Нұрмахан Исаев С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесті.
None
None

Н.Исаев жиналғандарға қадағалу қызметінің негізгі бағыттары, ведомство қызметкерлеріне қойылатын талаптар, республика құқық қорғау органдары жүйесіндегі прокуратураның рөлі және заңдылықты нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша қолданылып жатқан іс-шаралар туралы әңгімелеп берді.Ол студенттердің назарын аймақ тұрғындарының еңбек құқықтарын қорғаудағы прокуратураның жұмыстарына аударды. Н.Исаев ҚР Президентінің 2020 жылға дейінгі Қазақстанның құқықтық саясат Тұжырымдамасын бекітуі маңызды оқиға болғанын атады.

Соңғы жаңалықтар