Павлодар облысының Шарбақты ауданында «Атамекен» Одағының өкілдігі ашылды

nbsp;ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Шарбақты ауданында «Атамекен» Одағының өкілдігі ашылды.
None
None

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерліктің жаңа экономиканы қозғаушы күш деп айтылуы тегін емес, - деді «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы өкілдігінің ашылу салтанатында Шарбақты ауданының әкімі Сапаргелді Смағұлов. - Біздің кәсіпкерлеріміз жаңа өндіріс орындарын құруда және ескілерін кеңейте түсуде, перспективалар туралы ойланады».

Қазақстан, Ресей және Беларус Кедендік одағының жасалуы шағын бизнестің жағдайларын түбегейлі өзгертеді. Көршілерімізге не ұсынатынымызды қазірден-ақ ойластыруымыз керек, деді аудан басшысы.

«Атамекен» Одағы облыстық филиалының директоры Петр Вырвинский ауыл кәсіпкерлерінің «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысуы тиіс деп санайды. Осы мақсатта ұйымның өкілдігі құрылып отыр.

Соңғы жаңалықтар