Павлодар облысының тұрғыны шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Железин аудандық соты Қазақстан Республикасының шекарасынан заңсыз асып өткен Павлодар облысының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.
None
None

«Ағымдағы жылдың мамыр айында түнгі уақытта айыпталушы ҚР Лесное ауылынан РФ Кузнецовка ауылына бекітілген өткізу пунктінен өзге жерден заңсыз өткен», - деді соттың баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, ер адам 10 мың теңге үшін өзімен бірге Қырғызстан азаматының шекарадан өтуіне көмектескен.

Екеуін де ФҚҚ Омбы облысы бойынша басқармасы шекара жасағының қызметкерлері ұстады.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 1-бөлімі 392-бабына және 394-бабына сәйкес айыпты деп танылды. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар