Павлодар облысының Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПАВЛОДАР. 21 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның өкімімен  Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып Марат Сұлтанбекұлы Айдашев тағайындалды,
None
None

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

М. С. Айдашев 1971 жылы дүниеге келді, Павлодар педагогикалық институтын денешынықтыру мұғалімі және 2009 жылы «Қайнар» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

1992 жылдан бастап Павлодардағы «Батыр» балалар-жасөспірімдер мектебінде дзюдодан жаттықтырушы-тәрбиелеуші, Астанадағы «Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясында» дзюдо командасының бастығы болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте - Павлодар облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің заңгері және Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және заң сараптамасы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2010 жылдың қарашасынан бастап бұл қызметке тағайындалғанға дейін ««Ертіс-Павлодар» спорттық клубы» қоғамдық қорының директоры болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар