Павлодар облысының Железин және Ақтоғай аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен,
None
None
аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Жанат Шұғаев Железин ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ж.Шұғаев әкімдікке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданында «Агрофирма Бурабай 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып қызмет еткен. Облыс әкімінің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Манап Көбенов Ақтоғай ауданының әкімі болып тағайындалды. М.Көбенов бұған дейін Железин ауданының әкімі болып қызмет еткен.
Соңғы жаңалықтар