Павлодар облысының Железинка ауылында жаңа аудандық аурухана ашылды

ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫ.    Желтоқсанның   29-ы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар облысының Железинка  ауылында  Жаңа жыл   қарсаңында     орталық   аудандық аурухана ашылды.  «100 мектеп, 100 аурухана» президенттік бағдарламасы  бойынша салынған       үшқабатты  ғимаратта  60 орындық  стационар  мен   ауысымда  170  адам қабылдайтын    емхана,  жедел жәрдем   қосыны   және балалар  консультациясы  орналасқан. 
None
None

   Аурухананың  жеті  бөлімшесінде  жаңа  жиһаздар,  жайлы  палаталар, ең бастысы   дәрігерлерге    диагнозды  жедел   қоюға  көмектесетін  заманауи  жабдықтар бар.

«Аурухана кадрлармен  толық   жарақталып  отыр.  Мамандар       Израиль, Мәскеу, Новосібір  емханаларында біліктіліктерін  жетілдірген   павлодарлық   дәрігерлерден қосымша   білім алады», -   дейді аурухананың  бас  дәрігері    Гүлбарам Оспанова.

 Ауылдық  медициналық  кешенді    салуға және  оны   жарақтандыруға  1 миллиардқа жуық  теңге  жұмсалған.

Соңғы жаңалықтар