11:36, 04 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар оқу орындарының бір жарым мың жұмыскері педагогикалық марафон - 2010-ға қатысты
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа оқу жылы қарсаңында Павлодар оқу орындарының бір жарым мың жұмыскері педагогикалық марафон - 2010-ға қатысты,
деп хабарлады білім беру бөлімінен.
Қаланың он жалпы білім беру және көркемөнер мектептерінің базасында директорлар мен олардың орынбасарлары, мектеп мұғалімдеріне арналып 20 шеберлік сыныптары өткізіліп, басқару менеджментіне арналған «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Мұғалімдерге шығармашылық тұрғыда қызмет атқарып жүрген әріптестерінің жаңашыл тәжірибесі ұсынылды.
«Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал» байқауының нәтижесі бойынша 60 тәлімгерді ҰБТ-ға сапалы дайындағаны үшін 67 мұғалім марапатталды, 65 жаңашыл-мұғалімге сертификаттар, ал 98 ұстазға алғыс хаттары табыс етілді.