Павлодар өңірінің басшысы Е.Арын коммуналдық техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексерді

ПАВЛОДАР. 19 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын қалалық коммуналдық техникалардың қысқы жағдайда жұмыс істеуіне дайындық барысын тексерді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Облыс орталығының көшелерін тазалық пен тәртіпке келтіретін қар күрейтін машиналарды қарау барысында ол, бүгінде коммуналдық шаруашылықтың материалдық базасын жабдықтау, облыс орталығының көшелерінде қарды жинауға арналған техниканы сатып алу басты міндет болып табылатынын атап өтті.

Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов аймақ басшысына қардың мол түсуі кезінде оны жедел түрде жинауға мүмкіндік беретін 19-дан астам жаңа техника сатып алынғандығын және жуырда қатарға тағы сегізі қосылатындығын хабарлады. Қысқы мерзімде барлығы 224 қар жинайтын машина жұмылдырылады, соның 175-і - жекеменшік және 49-ы - жалға алынған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум