Павлодар педагогикалық институтында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған көрме ашылды

ПАВЛОДАР. 19 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған «Атамекен және шетелдегі қазақтар» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
None
None

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының павлодарлық филиалының директоры Болат Зауытұлы студенттерге ел тәуелсіздікті алғаннан кейін Алматыда өткен Қазақтар қауымдастығының алғашқы құрылтайы туралы айтып берді. Оның филиалдары 19 елде ашылды, қазақ тілінде кітаптар жарық көруде.

ПМПИ-ның студенттері, Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастары қазақ ақындары мен жазушыларының жаңа басылымдарымен, басқа елдерде тұратын отандастарының шығармаларымен қызығушылықпен танысты.

Соңғы жаңалықтар