08:47, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
Павлодар педагогикалық институтында қазіргі заманғы білім беру мәселелері талқыланды
ПАВЛОДАР. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға 300-ден астам адам қатысты, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.

«Педагогикалық оқуларға» республика аумағында қызмет етіп жүрген институт түлектері: мұғалімдер, арнайы және қосымша білім беру ордаларының қызметкерлері, магистранттар мен студенттер қатысты.
Олар қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылап, «Білім беру жүйесіндегі инновациялар мен қазіргі заманғы технологиялар», «Шағын мектеп: мәселелер мен олардың шешілу жолдары» тақырыптары бойынша өткен секциялардың барысында жұмыс тәжірибелерімен алмасты. Сонымен қатар салалық және инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды.
Облыстың ең үздік оқытушы-әдіскерлері ПМПИ-дың студенттері үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, білім саласына инновацияларды ендіру тәжірибелерімен бөлісті.