Павлодар педагогикалық институтының түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие

Түлектердің тағы бір бөлігі - 358 маман - ауылдық жерлерге жұмысқа барады. Оларға баспана, 100 мың теңге сомаға дейін демеуқаржы, селолық жерде тұратын мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысына қосылатын 25 пайыз үстеме сияқты жеңілдіктер қарастырылған. Ауыл мектебіне баруға ниет білдірген түлектердің арасында ақылы негізде оқыған жастар да аз емес.
Институттың оқу бөлімі мен факультеттерінің қалалық білім бөлімімен бірлесіп жүргізген алдын-ала жұмыстары жас педагогтарға болашақ жұмыс орындарын, диплом алғанға дейін-ақ, таңдауға мүмкіндік жасады.
Биылғы түлектерді жұмысқа орналастыру шарасы Павлодар институтында дайындалған мамандардың еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр.