18:13, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Павлодар педагогикалық колледжінде интернационалист-жауынгерлер «Ерлік сабағын» өткізді
ПАВЛОДАР. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін жасотандықтар Павлодар педагогикалық колледжінде интернационалист-жауынгерлердің қатысуымен «Ерлік сабағын» өткізді.

Қонақтар студенттерге Ауғанстандағы қызмет және әскери операциялар, өздерінің интернационалдық борышын атқарған қазақстандықтардың ерлігі туралы айтып берді, болашақ педагогтардың сұрақтарына жауап қайтарды.
Студенттер «ауғандықтарға» ескерткіш сыйлықтар тарту етті, Отан қорғаушыларға арналған театрландырылған қойылымдар көрсетіп, концерт берді.
«Жастарда патриотизм - үлкен жауапкершілік, Отанымызды, отбасын қорғау деген ұғымды қалыптастыру маңызды, - деп атап өтті «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысыныің орынбасары Данияр Айтышев. - Отан қорғаған, басқа елге көмектесіп, интернационалдық борышын атқарған ержүрек майдангерлермен кездесу өскелең жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыруға зор әсер етеді».