Павлодар полицейлері «Автобус» операциясын қорытындылады

ПАВЛОДАР Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жол полицейлері Павлодар облысында ақпанның 23-і мен наурыздың 4-і аралығында өткізілген «Автобус» операциясының қорытындысын шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол инспекторлары он күнде 189 рейд жүргізді, деп хабарлады Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісов. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуларының 1 158 факті анықталды. Көлік тізгініне мас болып отырған екі жүргізуші ұсталып, 19 жүргізуші жылдамдықты асырғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген 70 автобус анықталып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум