09:15, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Павлодар полицейлері қарақшылық жасаған қылмыскерді «ізін суытпай» ұстады
ПАВЛОДАР. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодарлық учаскелік инспекторлары Айдын Жүнісов пен Ерлан Мыңғышев қарақшылық жасауда күдікті деп танылған азаматты іздеу және ұстауды белсенді өткізді, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметіне бір жігіт хабарласып, үйінің қасында тұрғанда қасына шамамен 23-25 жастағы бейтаныс жігіт келіп, телефон шалу үшін оның ұялы телефонын сұрағанын айтады. Сосын ол телефон шалған болып тұрып, жігіттің 47 мың теңге салынған әмиянын жұлып алып, қашып кеткен.
Болжам бойынша инспекторлар олардың учаскесінде тұратын бұрын сотталған адамды таныды. Үйіне барған полицейлер иесінің онда жоқ екенін білді.
Шағынауданды тексеру барысында олар күдіктіні анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында ер адамнан айғақ дәлелдер - ұялы телефон мен ақша анықталып, алынды.