Павлодар полициясы өткен үш айда 82 экономикалық қылмыстың бетін ашты

ПАВЛОДАР. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаржы полициясы үстіміздегі жылдың І тоқсанында 82 экономикалық қылмыстың бетін ашты,
None
None

деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен. Әсіресе, әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражаттарын қымқыру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылды - осындай 15 факті анықталып отыр.

Департамент 2009-2010 жылдары 25 миллионнан астам теңге соманың бюджет қаржысын қымқырды деп айыпталып отырған аудандық пошта байланысы торабының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Әлгілердің мүгедектерге және жүйке дертімен ауыратындарға арналған зейнетақылар мен жәрдемақыларды жымқырғаны анықталып отыр. Айыпталушылар сот санкциясымен қамауға алынды, қазір тергеу жүріп жатыр.

Қаржы полициясының қызметкерлері сондай-ақ Павлодар мектептерінің бірінде екі миллион теңге бюджет қаражатын қымқыруға және жалған құжаттар толтыруға жол берілгенін анықтап отыр. Мектеп бухгалтері жалақы аударылатындардың электрондық тізіміне мекемеде жұмыс істемейтін адамдарды енгізген және бұл жағдай соңғы екі жыл бойы жалғасып келген. Қылмыстық іс Павлодар прокуратурасына жөнелтілді.

Қарттарға және мүгедектерге арналған облыстық интернат-үйінің директорының үстінен де қылмыстық іс қозғалып отыр. Оған мекеме есепшісімен ымыраласып, жалған қаржылық құжаттар толтырған деген айып тағылуда. Әлгілер мекемеде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы жазып, ол ақшаны өз қалталарына басып отырған. Қымқырылған сома 16 миллионнан астам теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар