Павлодар прокуратурасы қаладағы барлық балабақшаны тексеріп жатыр
Бұл жаппай тексеруге наурыз айының ортасында №53 балабақшада орын алған оқиға себеп болып отыр - санитарлық нормалардың бұзылуы салдарынан 54 бүлдіршін уланып қалған болатын. Қазір балабақша жабылып, іс материалдары сотқа берілді.
Облыс орталығындағы барлық балабақшаларда жүріп жатқан жаппай тексерудің барысында азық-түліктердің дұрыс сақталмау, жабдықтар мен ыдыстарды сапасыз зарарыздандыру, технологиялық карталардың болмауы және т.б. көптеген фактілер анықталып отыр.
Тексерулердің қорытындылары бойынша балабақшалардың ондаған медициналық қызметкері, бес тәрбиешісі, екі аспазы мен жеті қоймашысы әкімшілік жауапқа тартылды.
Барлық балабақшада тексерулер аяқталғаннан кейін мектепке дейінгі дайындық мекемелері директорларының да әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері қаралмақ.