«Павлодар-Семей» күре жолында жеңіл машина мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам ажал құшты

ПАВЛОДАР. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар-Семей тас жолының 25-ші шақырымында кеше сағат 2.30 шамасында 62 жастағы «Тойота» жүргізушісі басқару тізгініне ие бола алмай,
None
None

жолдың қарсы бетіне шығып, жүк көлігімен соқтығысқан. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Жол-көлік апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 68 және 26 жастағы жолаушылары оқиға орнында жан тапсырды. «Тойота» көлігінде болған 60 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты ҚР ҚК 296 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар