08:48, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Павлодар соты есірткі тасымалдаумен айналысқан Қырғызстан азаматын 17 жылға кесті
ПАВЛОДАР. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мамандандырылған қылмыстық соты Қырғызстан азаматын қатаң режимдегі колонияға 17 жылға кесті.
Өткен жылдың күзінде «Сұлу-ағаш» кедендік бекетінде ұсталған әлгі азаматтың көлігінен машина капотының астына жасырылған 6 келідей гашиш табылған. Қырғызстандық азамат, тыйым салынған тауарды Ресейге жеткізсе, оған 2 мың доллар беруге уәде етілгенін мойындады.
Есірткі тасымалдаушы жазасын Қазақстанда өтейтін болады.