Павлодар тұрғыны Кәмеш апа өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті

ПАВЛОДАР. 17 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар тұрғыны Кәмеш Қайырбекова қазанның бұл күндерінде туыстары мен жерлестерінің құттықтауларын қабылдау үстінде.
None
None

Кейуананы жүз жасқа толуымен қала басшысы аппаратының жетекшісі Ержан Имансләм құттықтады, деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен.

«Ол бүгінде де аяулы ана болып қалуда, мінезі салмақты, мейірімді. Балаларын әрқашан жақсылық жасауға үйреткен, біз перзенттерін сүйетін өзі сияқты ата-аналарға айналдық», - деп баяндады туған күн иесінің кенже қызы Мейрамгүл Түсіпбекова.

Кәмеш апа жұбайымен бірге он екі баланы өсірді, қазіргі кезде қыздары, 15 немересі мен 13 шөбересі оған ерекше қамқорлық жасауда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум