13:19, 13 Тамыз 2015 | GMT +5
Павлодар тұрғыны полицияға дүкенге жасалған қарақшылық шабуылды ашуға көмектесті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында дүкенді жалға алушы әйел ІІБ-ге сауда нысанына бетін бүркеген бір топ адамның шабуыл жасап, зорлық көрсету арқылы оның мүлкін алып кеткені туралы шағымданды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Қарақшылық қылмысты ашуға Павлодар тұрғыны көмектесті. Ол тәртіп сақшыларына көлігінде бейнетіркеуіш орнатылғанын және күдіктілердің оған түсіп қалу мүмкін екенін хабарлады. Жазбаны тексеру кезінде полицейлер шабуыл жасаған адамдарды көрді.
ІІД-нің бастығы облыс орталығы тұрғыны көрсеткен көмегі үшін оны грамота және ақшалай сыйақымен марапаттады.