Павлодарда 1 қаңтардан бастап қоғамдық көлік жолбағыттары өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Павлодарда бірқатар қоғамдық автокөлік жолбағыттары қозғалысының схемасы өзгереді.
None
None

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ұйымдастырған брифингіде облыс орталығының жолбағыт желісін оңтайландырудың алғашқы нәтижелері ұсынылды, деп хабарлады Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ішкіқалалық қоғамдық көліктің негізгі түріне автобус пен трамвай алынды, ал шағынавтобустар көмекші болмақ.

Оңтайландыру нәтижесінде қаланың магистральдық орталық көшелерін үлкен класты автобустармен қамтамасыз ету ескеріле отырып, шеткі көшелер мен облыс орталығы жолдарындағы шағынавтобустар жолбағыттарын қысқарту және қайта бөлу жоспарлануда.

Сондай-ақ маусымдық, яғни саяжайлық деп аталатын жолбағыттарда шағын класты автобустарды пайдалану және олардың қозғалыс кестесін GPS жүйесіне бақылауға алу көзделеді.

Егер қозғалыс схемаларының нақты өзгерістері туралы айтар болсақ, ол 10 шағынавтобустар жолбағыттарына қатысты - 003, 3, 4, 7, 111, 126, 151, 152, 153 және 157. Олар 2016 жылғы 1 қаңтардан жұмыс істей бастайды.

Соңғы жаңалықтар