Павлодарда 35 мыңдай адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді

Облыс орталығының тұрғындарын әлеуметтік қолдау жөніндегі қала басшысы Бақытжан Жоламанов өткізген кеңесте осындай мәлімет жария етілді.
Еңбекпен қамту бөлімінің ақпараты бойынша, Павлодарда тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға ағымдағы жылы бюджеттен 398 миллион теңге бөлінді.
356 отбасы 19 миллион теңгедей соманың мемлекеттік атаулы көмегін алды, ересектерге жұмыс берілгеннен кейін, олардың саны 11,5 пайызға төмендеді.
18 жасқа дейінгі балалары бар 700-ге жуық отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. 350 мүгедек баланы үй жағдайында оқыту мен тәрбиелеуге 7,4 миллион теңге бөлінді.
3 мың отбасы 27 миллионға жуық теңге соманың тұрғын үй көмегін алды. Зейнетақының өсуі де отбасылық бюджетке оң әсер етті - әлеуметтік жеңілдікке үміткерлердің саны, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 16,5 пайызға азайды.
2570-тен астам азаматқа 49,8 миллион теңге соманың қызметтері көрсетілді. Атап айтқанда, мүгедектерді арнайы көлікпен тасымалдау, саңырауларға көмектесу, мұқтаждарға және туберкулезбен ауыратындарға ыстық тамақ жеткізу сияқты қызметтер көрсетілді.