Павлодарда 70 жастағы кейуананың өмірін қиған күдікті ұсталды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Павлодар қаласында криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдың желтоқсан айында екі адамды өлтіргені үшін іздеуде жүрген, ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын бірнеше рет істі болған 21 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Күдікті пайдақорлық мақсатта 21 желтоқсан күні 70 жастағы кейуананы өлтіріп, содан кейін ізін жасыру үшін оның пәтерін өртеп жіберген. 

«Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 30 жастағы жұмысшысын өлтіргені де анықталды. Пышақ дене жарақаты бар оның мәйіті өткен жылғы 24 қарашада қала көшелерінің бірінде табылған еді. Қылмыскер жәбірленушіні жеке мүлкін иеленіп алу үшін өлтіргені анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар