07:54, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
Павлодарда 750 адам қатысатын велошеру өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда 29 мамыр күні облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Олимпиада күні қарсаңында жаппай велошеру өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қоғамдлық шараға әртүрлі жастағы 750 адам қатысады деп күтілуде. Ол қаладағы Мемлекеттік рәміздер алаңынан басталады (Лермонтов - Кутузов көшелерінің қиылысы). Велошеру «Мәңгілік алау» саябағында өз мәресіне жетеді. Велосипедпен жүріп өтетін жолдың ұзақтығы - 10,5 шақырым.