Павлодарда академик Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылады

ПАВЛОДАР. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевқа Павлодардың орталығындағы ғалымның атындағы көшеде ескерткіш қойылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ескерткішті Қазақстанның танымал мүсіншісі, ҚР Суретшілер академиясының академигі Ольга Прокопьева жасайды. Әлемге аты танымал ғалымның мүсіні облыс орталығында ағымдағы жылдың күзінде орнатылады, деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айым Қанафина. Ал келешекте Павлодарда басқа да атақты жерлестерге ескерткіштер орнатылмақ. Атап айтқанда, кинорежиссер Шәкен Аймановқа, халық ақыны Естай Беркімбаевқа, ғалым Әлкей Марғұланға, этнограф-ғалым және саяхатшы Григорий Потанинге ескерткіштер қойылады.
Соңғы жаңалықтар