09:10, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодарда әкімдердің есеп беру кездесулеріне дайындық басталды
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда және қала төңірегіндегі ауылдық жерлерде атқарушы орган басшыларының халықпен есептік кездесулеріне дайындық басталды.

Қала әкімі аппаратының хабарлауынша, бірінші болып, қаңтардың -11-інен бастап, Долгое, Мойылды және Байдала ауылдарының әкімдері тұрғындармен кездесулер өткізеді.
Облыс орталығы басшысының жұмысы туралы сын-ескертулерге және ұсыныстарға арналған жәшіктер қаланың тоғыз ықшам ауданында, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, мектептерде және т.б. халық көп жиналатын орындарда орнатылған.