08:44, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Павлодарда әлеуметтік жарнамаға конкурс жарияланды
ПАВЛОДАР. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Жас Отан» жастар қанаты ішкі саясат басқармасы және «Шығармашылық жобалар орталығы» республикалық жастар бірлестігімен бірлесіп Павлодарда үздік әлеуметтік жарнамаға конкурс жариялады.

Өз туындыларын авторлар салауаты өмір салтын насихаттауға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге, әскери қызметтің беделін көтеруге және отбасын нығайтуға арнаулары керек. Конкурс сыртқы жарнама, бейне жарнама, аудио жарнама, Интернет желісі үшін жарнама және әлеуметтік шаралар жарнамасы аталымдары бойынша өтеді.
Конкурсқа шығармашыл жастар - дизайнерлер, жарнама саласындағы мамандар мен коммерциялық емес ұйымдардың ұжымдары шақырылып отыр.
Конкурстың қорытындысы желтоқсан айының басында шығарылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сыйлықтар және дипломдар күтуде.