08:11, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Павлодарда алюминий зауытынан өрт шығып, цех шеберін күйік шалды
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодарда алюминий зауытынан өрт шығып, цех шеберін күйік шалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, «Қазақстан алюминийі» АҚ алюминий зауыты цехында токтың қысқа тұйықталуы салдарынан тасымалдау таспасы өртенген. Соның салдарынан 35 жастағы цех шебері күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.
Қызыл жалынды аталған зауыттың өрт сөндіру бөлімінің 9 маманы мен 2 техникасы өшірді.