Павлодарда әскер қатарына шақырылған бозбалалар салтанатпен шығарып салынды

ПАВЛОДАР. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Жеңіс бағында кеше, 28 сәуір күні ел Қарулы күштерінің қатарына қызметке шақырылған бозбалаларды әскерге шығарып салу рәсімі өтті.
None
None

Болашақ Отан қорғаушыларына баталарын берген Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға Отандарына адал қызмет етуге тілектестік білдірді. Әскер қатарына шақырылғандарды интернационал-жауынгерлер, ата-аналары мен достары да шығарып салды.

«Олардың бәрі жақсы шыныққан, әскери-техникалық мектепті бітірген бозбалалар. Жігіттердің бір бөлігі аэромобильді әскерге аттанса, қалғандарын «Шығыс» құрылымы күтіп тұр. Олардың көңіл-күйлері көтеріңкі - барлық 56 жігіт әскерге үлкен ықыласпен аттанып барады», -дейді қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Олег Николашин.

Биылғы көктемде Павлодар облысына әскер қатарынан 700 бозбала шақырылады.

Соңғы жаңалықтар