Павлодарда астық, ұн мен нанның бағасы қымбаттамайды

ПАВЛОДАР. 2 тамыз. ҚазАқпарат - 25 шілде күні Қазақстанның астық өңдеу Одағы мен «ҚазАгро» холдингі, Павлодар облысының әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі 1-сұрыптағы ұн мен нанның бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумға қол қойды,
None
None

деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Меморандумда белгіленген шарттарға сәйкес, 2013 жылдың 1 тамызына дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ай сайын кесте бойынша 1 тоннасын 28 мың теңгеден, барлығы 4850 тонна астық жіберетін болады, бұл Павлодар облысының тұрғындарын тұтынушылық өнімдермен толық қамтамасыз етеді.

Астық 8 ірі астық өңдейтін кәсіпорындар арасында үйлестірілетін болады, олардың ұны наубайхана кәсіпорындарының сұранысына ие.

Наубайханалар 600 грамм 1 бөлке нанның көтерме бағасын 47 теңгеден, 550 грамдық нанның бағасын 43 теңгеден сататын болады. Бөлшек саудада бұл нанның бағасы 1 бөлке үшін 49 немесе 45 теңге тұратын болады.

Ұн тарту кәсіпорындары ай сайын 1212 тонна кебекті малдың иелеріне 1 тоннасын 15 мың теңгеден сататын болады.

Соңғы жаңалықтар