Павлодарда астыртын казино әшкереленді

ПАВЛОДАР. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қаржы полициясының қызметкерлері павлодарлық дәмханалардың бірінде жасырын казиноны анықтады,
None
None

деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Құмар ойындар клубтың покер ойыны бойынша әуесқой жарыстар «өткізілген» бөлмесінде ұйымдастырылды. Алайда онда фишкалар табылды, ал жеңімпаздар ақшалар алып отырған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру күдігімен ағайынды екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар