08:09, 06 Наурыз 2012 | GMT +5
Павлодарда аймақаралық форум қарсаңында көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі
ПАВЛОДАР. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодардың абаттандырылуы әкімдікте облыс басшысы Ерлан Арын өткізген жиынның өзекті тақырыбына айналды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін аймақаралық форум қарсаңында облыс орталығындағы әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерінің сыртқы беттері заманауи материалдарды қолданумен жөнделеді, аулалар мен саябақтар абаттандырылады, көшелер мен облыс орталығының кіреберістеріне қосымша жарықтандыру орнатылады.
Ал қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, кардиологиялық орталық, жаңа тұрғын үйлер сияқты ірі нысандар - басшылықтың ерекше қадағалауында.
Биылғы жазда Павлодарда қосымша гүлзарлар пайда болып, көбінесе қылқан жапырақты 7-8 жастағы 20 мың ағаш отырғызылады.