20:40, 13 Қараша 2012 | GMT +5
Павлодарда аймақаралық инвестициялық форум ашылады
ПАВЛОДАР. 13 қараша. ҚазАқпарат -Ертең, 14 қараша күні Павлодарда ашылатын аймақаралық инвестициялық форумның тақырыбы - «Жергілікті мазмұнның өсімі - бизнес дамуының негізі», деп хабарлады өңірлік ішкі саясат басқармасынан.
Оған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ұлттық компаниялардың, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы әкімдіктер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысады.
Форум барысындағы жұмыс кездесулерінде тауар өндірушілердің 2013 жылы өнім, жұмыс және қызмет көрсетуі бойынша ниет хаттамаларына қол қойылуы тиіс.
«NaDLoC» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «KAZNEXINVEST» АҚ форумға қатысушылар үшін жергілікті мазмұнды арттыру жөнінде мемлекеттік саясатты, заңнамалық базаны және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша оқыту семинарын өткізеді.