Павлодарда балабақша бүлдіршіндерінің арасында «Жеңіс жарысы» өтті

ПАВЛОДАР. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев атындағы көшеде кеше, мамырдың 5-і күні павлодарлықтар қызықты жарыстың куәсі болды: 150 шақты кішкентай велосипедшілер мен жаяу жүгірген балалардың қатысуымен «Жеңіс жарысы» өтті.
None
None

«Бұл №24 балабақша тәрбиеленушілерінің Ұлы Жеңіс мейрамына арналған шаралары болды», - деп хабарлады қалалық білім бөлімінен. Балабақша ауласынан басталған жарыс Жеңіс саябағында аяқталып, онда балдырғандар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Қаланың жас тұрғындары мен олардың ата-аналары және тәрбиешілері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Балалар майдангерлердің ерлігі туралы өлеңдер оқыды, әскери әндер орындады. Осындай игі дәстүрлер өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік және ардагерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелейтіні анық.

Соңғы жаңалықтар