Павлодарда балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтуде

ПАВЛОДАР.  Желтоқсанның  28-і.   ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодардың    Мәдениет  сарайында      жетім балалар  мен  ата-ана қамқорынсыз қалған  балаларға арналған   Павлодар әкімінің      қайырымдылық   шыршасы  өтті.
None
None

Әкім  Бақытжан    Жоламанов жаңажылдық  мерекеге  150  ұл  мен  қызды шақырды.     Ойындар  ойналып,  шыршаны төңірегінде әндер айтылғаннан кейін  қонақтар    мерекелік  торттан дәм  татты және  сыйлықтар алды. Хореографиялық   және     вокалдық    ұжымдардың   жас әртістері   Аяз  Ата мен  Ақшақардың     қатысуымен    ертегілік қойылым   көрсетті. 

 Жетім балаларға,    мүгедек  балаларға, көпбалалы   және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық      шыршаларын  бұл күндері   павлодарлық нұротандықтар да өткізді.    Облыстық балалар үйінің,   №2 мектеп-интернаттың,  №39 мектептің  және отбасылық балалар  үйлерінің   тәрбиеленушілері    облыс орталығындағы партия  филиалында қонақта  болды.   Нұротандықтар оларға арнап ертегілік  қойылымдар, конкурстар,  ойындар  мен  жаңажылдық  сыйлықтар   дайындады.

Соңғы жаңалықтар