Павлодарда бас қосқан ұстаздар Қазақстан мектептеріндегі көптілділікті талқылады (ФОТО)
Семинар жұмысына 200-ден аса адам қатысты. Олардың ішінде ел облыстары және Астана, Алматы қалаларында көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары, мұғалімдер. Оның аясында Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның озық ұстаздары коучингтер мен ашық сабақтар өткізді.
Ал панельді сессияда көптілді білім берудің өзекті сұрақтары талқыланды, деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасынан.
Семинар қатысушыларына арнап ұстаздардың ғылыми-әдістемелік әдебиетінің және Павлодар облысы оқушыларының зерттеушілік жұмысының көрмесі, сондай-ақ Павлодар қаласындағы М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының планетариі мен обсерваториясына, № 25 жалпы орта білім беру мектебі және дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейіне, «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне экскурсия ұйымдастырылды.