Павлодарда «Баянауыл ? аңыздар елі» кітабы жарық көрді

ПАВЛОДАР. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы «ЭКО» баспасынан «Баянауыл – аңыздар елі» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көркем безендірілген кітап беттерінен оқырман Қазақстанның табиғаты ғажайып өлкесі туралы көптеген қызықты мағлұмат алады. Мұнда өлкедегі ежелгі таулар мен көлдер туралы аңыздар жинақталған, ұлттық саябақтың жануарлар дүниесі мен өсімдіктері туралы материалдар берілген, ауданның даму кезеңдері баяндалған.Кітап беттерінде Баянауыл жерінде дүниеге келген қазақтың атақты ғалымдарының, ақындарының, көрнекті қайраткерлерінің өмірбаяндары жарияланған.Көпшілікке арналған кітап бұдан жүз жыл бұрын түсірген Дмитрий Багаевтың тарихи фотосуреттерімен, Александр Пархоменконың Баянауыл табиғатын кескіндеген суреттерімен айшықталған.
Соңғы жаңалықтар