Павлодарда белбеу күрестен бірінші республикалық турнир өтеді

ПАВЛОДАР. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Бүгін Павлодарда белбеу күрестен бірінші республикалық турнир өтеді. Бұл жарыс танымал меценат, КСРО спорт шебері Төлеутай Қанаевты еске алуға арналып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Орталық стадионның спорт кешенінде өтетін жарысқа республиканың барлық өңірінен 100-ден астам спортшы жиналып отыр.

Жекпе-жектің байырғы түрлерінің бірі болып табылатын белбеу күресінің Олимпиадалық ойындарға қосылу мүмкіндігі зор. Халықаралық олимпиадалық комитеттің мұражайында осыдан үш мың жыл бұрын бейнеленген белбеу күресі балуандарының қыш суреті бар, белбеу күресі туралы мәліметтер Азия мен Еуропаның көптеген елдерінің әдебиеттерінде де кездеседі.

Турнирді ұйымдастырушылардың айтуынша, кәсіби спорттың үрдістерін назарға алу керек, себебі қазақстандық палуандардың белбеу күресіне бейімділігі біздің спортшыларымызға халықаралық жарыстарда үлкен мүмкіндіктер беретін болады.

Соңғы жаңалықтар