Павлодарда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 10 жоба мақұлданды

Кәсіпкерлер 267 млн. теңге сомасында жеңілдетілген несие алып, оны жабдықтар, көлік және коммерциялық жылжымайтын мүлікке салатын болады.
«Павлодарқұрылысжоба» ЖШС шығарып отырған өнімнің көлемін арттыруға мүмкіндік беретін өнеркәсіп-өндірістік ғимаратты сатып алды.
Құс шаруашылығын дамытып жатқан «Галицкое» ЖШС қаражатты ауылшаруашылық техникасына жұмсауда. Мұнда тұрақты 15 жұмыс орны құрылған.
«Чечил» ірімшігін шығаратын «Гигант-Павлодар» ЖШС несиелік ақшаға май-ірімшік зауытының ғимаратын сатып алмақ, бұл өз кезегінде жоғары сапалы өнімнің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Мал және өсімдік шаруашылықтарымен айналысатын «Зуенко» шаруа қожалығы жобаны іске асыру арқылы мал санын көбейтуді жоспарлап отыр.
«Технологиялық желілер» ЖШС құю өндірісі үшін металлургиялық және механикалық жабдықтарды сатып алып, 50 жұмыс орнын ашуды көздеуде.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы Павлодар облысында қарқынды жүзеге асырылуда.