Павлодарда даңқты батыр Бауыржан Момышұлын еске алды

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. Кітап авторлары - Мәскеуде тұратын ақын әрі журналист Тұрсынай Оразбаева мен Шығыс Пруссияда қаза тапқан кеңес жауынгерлерін еске алу қорының президенті Гүлзифа Смирнова.
«Даңқты батыр» басылымының шығарылымы Жеңіс күніне және даңқты қазақ батырының 101 жылдығына орайластырылып отыр. Достық үйінде өткен тұсаукесер рәсімде Ресейден келген қонақ кітаптың жазылу барысы туралы әңгімелеп берді.
Авторлардың пікірінше, жинақтың басты құндылығы сол, онда бұрын жарияланбаған құжаттар, Бауыржан Момышұлының күнделік жазбалары, эсселері мен соғыс жылдарындағы суреттері бар.
Бұл күні павлодарлық жастар кітап авторларымен бірге Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Жеңіс жолында жандарын пида еткен жауынгерлерді еске алды.