08:20, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Павлодарда «дөңгелек үстел» басында қазақ тілін дамыту мәселесі талқыланды
ПАВЛОДАР. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Достық үйінде қазақ тілін дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиынға соғыс және еңбек ардагерлері, ғалымдар, студенттер, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Биыл «Қазақ тілі» қоғамына 20 жыл толып отыр. Павлодарлық филиалдың жұмысы туралы оның төрағасы Мұрат Әбдірахманов әңгімелеп берді. Қоғам облыстың көпұлтты халқының арасында мемлекеттік тілді насихаттау үшін көптеген істер атқаруда. Қоғамның «Ертіс дидары» басылымы қазақ тілін үйренушілердің көмекшісіне, мамандардың ой-пікірлері жария етілетін алаңға айналып отыр. «Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар қазақ тілін дамытудағы жетістіктерге тоқталып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу қажетілігін атап көрсетті.