Павлодарда экологиялық таза отын шығарылғалы жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауыты Е-5/2 газгольдерін қайта жаңғырту бойынша негізгі жұмыстарды аяқтады. Зауыт К-4 және К-5 (аналогтары Еуро-4 және Еуро-5) экологиялық сыныпты автомобиль отынын шығаруға көшкеннен кейін 2017-2018 жылдары қайта жаңғыртылған газгольдер зауыт қондырғысының қауіпсіз жұмыс жағдайын қолдауды қамтамасыз етеді.
None
None

«ПМХЗ» ЖШС баспасөз қызметінде хабарлағандай, зауытты жаңғыртқаннан кейін отын тазалауға қойылатын жоғарғы талап 2017 жылы зауыттың қазіргі жабдықтарына жүктемені ұлғайтады.

Осы үшін барлық жабдықты жаңғыртуда, оның ішінде 1982 жылы салынған газгольдерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

null

Соңғы жаңалықтар