Павлодарда ЭКСПО-2017 көрмесіне еріктілерді даярлау орталығы бір жылғы жұмыс қорытындыларын шығарды (ФОТО)

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетіндегі ЭКСПО-2017 көрмесіне еріктілерді даярлау орталығы қызметінің бір жылдығын атап өтті, деп хабарлады ПМУ-дің баспасөз қызметінен.
None
None

Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысы Наталья Нефёдованың айтуынша, еріктілер қозғалысының ортасы толып, қатарына студенттер мен оқушыларды тартып отыр және бірде бір шара еріктілердің қатысуынсыз өтпеуде.

ЭКСПО-2017 көрмесіне даярлау орталығының еріктілері «Ертіс Инвест-2015» сияқты халықаралық инвестициялық форумға қатысып, жастар арасында , Азияның бокс чемпионатының (2016) жұмысына көмек көрсетті, сондай-ақ қайырымдылық форумдар мен концерттердің ұйымдастырушылары болды.

Жұмыс қорытындылары бойынша еріктілер қозғалысының белсенділері халықаралық, республикалық және аймақтық шараларға қатысқаны үшін Алғыс хаттармен мараптталды. Павлодар облысының еріктілер қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін орталықтың үйлестірушісі Жаңарсын Қапенова атап өтілді.

null null

Соңғы жаңалықтар